ЭКО бойынша квоталар қалды!

Толығырақ

27.04.2023

Спермограмма

Спермограмма

Біз тек өзіміз ұсынатын контейнерлердегі сынамаларды қабылдаймыз, себебі олар шәуетке токсикалық әсер етпейді!

Шәуетті зерттеу

Дайындық:

  • 2-5 тәулік бойы эякуляциядан тыйылу (жыныстық қатынас пен мастурбациядан)
  • Егер сіз қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз – міндетті түрде зертханашыны хабардар етіңіз.

Шәует тапсыру:

  • Контейнерге бар шәуетті салыңыз. Шәуетті стерильды ыдысқа мастурбация жолымен жинайды;
  • Егер шәуеттің жартысы жоғалған болса, міндетті түрде зертханашыны хабардар етіңіз!

Үйде жиналған шәуетті тапсыру

Біз шәуетті үйде жинақтауды ұсынбаймыз!

Бірақ, бұл қажет болған жағдайларда, төменде келтірілген нұсқауға мұқият болыңыз:

  • алдын ала орталықтың тіркеу бөлімінен стерильді контейнер алыңыз. Шәуетті кез келген басқа ыдыспен тапсыруға тыйым салынады;
  • контейнерге бар шәуетті салыңыз. Шәуетті стерильды ыдысқа мастурбация жолымен жинайды;
  • контейнерды сынама алынған соң 30 минуттың ішінде, жейденің төс қалтасына салып(дене температурасымен шамалас күйде сақтау үшін) орталыққа жеткізу қажет;
  • контейнерді ысытуға немесе салқындатуға болмайды:
  • контейнерды шамадан тыс шайқауға болмайды.

 

Талдау қортындыларын Сіз келесі жолдармен ала аласыз:

  • орталықтың тіркеу бөлімінде (жеке куәлiгi болуы қажет);
  • электронды пошта арқылы (алдын ала өтініш бойынша).

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg