«Астана ЭКОЛАЙФ» – бедеулікті емдеу бойынша Қазақстандағы жетекші медициналық орталық. Біз жыныстық денсаулық пен бедеулікке байланысты мәселелерді шешу үшін кешенді тәсілдер қолданамыз.
Біздің орталық 2007 жылдан бастап ерлі-зайыптыларға әйелдер және ерлер бедеулігі мәселелерін шешуге көмек көрсетуде. Біздің орталықта бедеулікті емдеу тек қосалқы репродуктивті технологияларды қолданумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бедеулік мәселелерін шешу үшін консервтивті және оперативті тәсілдер де қолданылады. Біздің жұмысымыздың маңызды жақтарының бірі- репродуктивті денсаулықтың профилактикасы болып табылады. Осының салдарынан орталық негізінде әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдер үшін денсаулық мектептері құрылды.
"Астана ЭКОЛАЙФ" экстракорпоральді ұрықтандыру емханасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін озық жабдықтар орнатылған.
Емхананың оңтайлы инфрақұрылымы «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің толық ауқымын ұсынуға мүмкіндік береді: емделушілер өздеріне қажетті -кеңес алу, толық қаралудан- бедеулікті емдеуге дейін қызметтердің тұтас көлемін ала алады.
Емделушілер ыңғайы үшін емханада дәріхана мен кофейня бар.
Біздің орталықтың дәрігерлері- бұл өз біліктілігі мен кәсіби шеберлігі дәрежесін үздіксіз шыңдайтын репродуктология саласының кәсіпқой мамандары. Әр жеке оқиғаға ерекше тәсіл қолдану- бұл біздің орталықта науқастарды емдеудің негізгі қарары.
Біздің орталықтың мамандары -халықаралық репродуктивтік денсаулық қауымдастықтарының мүшелері, ғылыми мақалалар мен жобалардың авторлары.
Миссиямыз: Ерлі-зайыптыларға ата-ана қуанышын сезінуге мүмкіндік бере отырып, дүниеге келген тіршілік иесі үшін жауапкершілікті шартсыз бөлісу.
Көзқарас: қосалқы репродукция қызметтерін көрсету сапасы мен көлемі бойынша Қазақстандағы жетекші орын алу.
Құндылықтар:
Қызметкерлер
1. Қызметкерлер біздің компанияның сәттілігі үшін қажетті идеялар қайнар көзі мен қозғалтқышы болып табылады.
2. «Астана ЭКОЛАЙФ» медициналық орталығының тобы- үздіксіз білім алуға қабілетті және талапты, алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларға қол жеткізе алатын адамдар.
3. Басқару орындарына талапкерлерді іріктеу кезінде, компания қызметкерлерінің ішінде жоғары нәтижелер көрсететін, қажетті
біліктілік пен көшбасшылық қасиеттер танытатындары алдыңғы қатарда тұрады.
Даму
1. Іскерлікте үнемі жаңа технологиялық тәсілдерді іздеу және енгізу.
2. Үздіксіз білім алу және әр қызметкерді оқыту
3. Өршіл мақсаттар мен міндеттер қою.
Нәтижелер
1. Нақты мақсаттар қою, басымдылықтарды орнату және нәтижелерге неғұрылым тиімді қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды анықтау.
2. Өз қызметіміздің нәтижесі үшін жауапкершілік.
Шыншылдық
1. Сыйластық, ықыластық, ашықтық.
2. Алынған міндеттемелерді орындау.
3. Ақиқатқа негізделген шешімдер қабылдау.
4. Әр қызметкер өзінің компания әрекетінің нәтижелеріне қатысын сезінеді, оз жұмысын неғұрылым жақсы, максималды тиімділікпен атқаруға тырысады.
5. Әр қызметкер компанияның бетке ұстар тұлғасы болып табылады және ол өз іс-әрекеттерімен ішкі және сыртқы ортада компанияның жағымды бейнесін қалыптастырады.
САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Компанияның негізгі басымдылығы көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы болып табылады. Осының салдарынан, компания келесі басты
тапсырмаларды орындау арқылы, жұмыс сапасын үнемі жоғарлатуды өзіне міндеттейді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нарығында ҚРТ бойынша қызмет көрсету үлесін өсіру
2. Репродуктология саласында жұмыс істейтін мамандармен тығыз қарым-қатынас жасау.
3. Қызметкерлерді үздіксіз дамыту және оқыту.
4. Бедеулікті емдеуде қосалқы репродукцияның жаңа әдістерін енгізу және белсенді қолдану.
5. Әр қызметкерді компанияның даму үдерісіне, оның қызметін жақсату мен жаңа идеялар табуға қатыстыру.
6. Репродукция саласында ғылыми-зерттеушілік жұмыс.
Компания менеджменті клиенттермен, серіктестермен, қызметкерлермен, инвесторлармен, мемлекет және қоғаммен өзара тиімді қарым қатынас құруға бағытталған.
Компанияның әр қызметкері емделушілер талаптарын орындаудың маңыздылығын, компанияның ұлттың репродуктивті денсаулығын нығайтуға қосатын үлесінің әлеуметтік маңызын сезінеді.Компания үнемі қызметтер сапасын арттырып, менеджмент жүйесі мен үдерісін үздіксіз жақсартуды өз міндеті деп санайды.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Б.Момышұлы даңғылы 2Д