27.04.2023
Жалпы қан талдауын тапсыру үшін дайындық басқа да қан зерттеулеріне дайындықпен бірдей, тек арнайы қан талдаулары үшін қосымша шектеулер енгізіледі. Қан тапсырудың жалпы ережелері едәуір қарапайым:
Глюкозаға қан тапсыратын кезде тісті тазалауға және сағыз шайнауға болмайды, ал таңғы шай/кофеге мүлдем тыйым салынады-тіпті таңғы кофесіз өзіңізді адам сияқты сезіне алмасаңыз да- шыдаңыз! Кофе мен шайдың құрамындағы кофеин «қандағы қант» мөлшерінің көрсеткіштерін күрт өзгертеді. Дәл сол сияқты нәтижелерге гормоналды контрацептивтер, аз мөлшердегі ішімдік, зәр айдағыш заттар және т.б. дәрі-дәмектер кері әсерін тигізеді.
Биохимиялық талдаудың нәтижесі күмән тудырмас үшін тіпті кешкі ас ішпеген абзал. Мысалы, асқабақ, қызылша, сәбіз, цитрус жемістері сияқты қан сарысуын бояуға қабілетті тағамдар өт пигменттерін зерттеу кезінде нәтижелерді өзгерте алады. Талдау қарсаңында желінген қуырылған шошқа етінің кесегі қандағы калий мен зәр қышқылының деңгейін арттырады.
Гормондар – біздің ағзамыздағы үдерістердің жұқа әрі мобильді реттеушілері, оларды қан құрамында зерттеу өте қатаң қадағалауды қажет етеді. Әдетте зерттеуге бір ай қалған кезде барлық гормоналды препараттарды қабылдау тоқтатылады (тек егер дәрігер керісінше нұсқамаса!).
Жыныс гормондарының деңгейін анықтау қажет болған кезде ең аз дегенде 24 сағат бойы жыныстық қатынастар(кез-келген түрде) мен тіпті нәпсі қоздырудан бас тартуға тура келеді. Олай болмаған жағдайда, жақсысы- едәуір қымбат талдауды қайта тапсыруға тура келеді, ал одан да сорақысы- баламасы жоқ ем қабылдайсыз. Қалқанша безінің гормондарының деңгейін анықтау үшін құрамында йод бар дәрі-дәрмектер мен йодталған тұзды қабылдауды доғару қажет, тіпті жарақат орнын йодпен жағуға болмайды!
Талдау қортындыларын Сіз келесі жолдармен ала аласыз:
Мақала сізге пайдалы болды ма?
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Б.Момышұлы даңғылы 2Д