27.04.2023
Несеп зертеуі:
Несеп жинаудың алдында сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуу қажет. Әйелдер етеккір кезінде несеп талдауын тапсырмаған абзал; жыныс мушесінен бөлінулер болған жағдайда, қынапты тампонмен жауып қойған жөн. Несептің жалпыклиникалық талдауына таза және құрғақ ыдысқа таңертеңгі несептің(яғни, түңгі ұйқыдан кейінгі алғашқы несеп) барлық мөлшері жиналады.
Нечипоренко бойынша несеп талдауы үшін таңертеңгі несептің ортаңғы бөлігі(яғни, несептің алғашқы және соңғы бөлігінің аз мөлшерін ағызып тастап, негізгі бөлігін таза құрғақ ыдысқа жинау керек). Талдау үшін қажетті несепті Сіз өз еркіңізге байланысты: үйіңізде немесе Медициналық орталықта(қажетті ыдыс беріледі) тапсыра аласыз. Үйден әкелген кезде несепті неғұрылым жедел жеткізіп, күрт салқындауын болдырмау қажет.
Назар аударыңыз! Несептің ұзақ уақыт бойы тұрып қалуы оның физикалық қасиеттерінің өзгеруі, бактериялардың көбеюіне және несеп тұнбасы құрамының жойылуына алып келеді. Шамадан тыс суыту еріген тұздардың тұнбаға түсуіне себеп болуы мүмкін.
Мақала сізге пайдалы болды ма?
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Б.Момышұлы даңғылы 2Д