Жұмыс уақытын кешкі 22:00-ге дейін ұзарттық.

Толығырақ

27.04.2023

Жыныстық жолмен берілетін инфекция (ЖЖБИ) зерттеуіне қалай дайындалу керек?

Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға талдау жасау осы инфекциялардың жиі кездесетін түрлерінің қоздырғыштарын анықтауға мүмкіндік береді, оның ішінде- папилломавирус және цитомегаловирус, генитальді герпес, хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, кандидоз.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың диагностикасы үшін қолданылатын зертханалық әдістер

  • ИФТ (иммуноферментті талдау) – қандағы инфекция қоздырғышы үшін бөлінген антиденелерді анықтауға мүмкіндік береді (IgА IgG и IgM);
  • ПТР(полимеразала тізбектік реакция)- сынамадағы(уретра немесе қынаптан алынған жұғынды, шәует) қоздырғыштарды анықтауға мүмкіндік береді(зерттеуге дейін 4 сағат бойы кіші дәрет сындырмау керек)

Зерттеуге дайындық қалай өтеді

Талдау қарсаңында арандату жүргізу кеңес етіледі. Ең қарапайым және ең сенімді әдіс- алиментарлы арандатушылық (ішімдік, тұзды, ащы) болып саналады. Талдау қарсаңында ішімдік пен ащы тағамдар- мысалы үшін, бір-екі шөлмек сыра мен ащы және ысталған тағам ішу керек.

Зерттеу үшін жұғындылар жіңішке бір реттік стерильді зонттар арқылы алынады:

  • Ерлерде зәр шығару түтігінен;
  • Әйелдерде зәр шығару түтігінен, қынап және жатыр мойынынан.

Жұғындыларды зерттеудің нақтылығының дәрежесін арттыру үшін ұсынылады:

Әйелдер үшін:

  • 12 сағат бойы дәрет алмауы қажет;
  • зерттеуге дейін 3 күн бұрын қынап ішіне енгізетін дәрі дәрмектерді (суппозиторий, жақпа май, дәке және т.б.) қолдануды және қынап шаюды доғару қажет.

Барлық науқастар үшін:

  • 1-2 тәулік бойы жыныстық қатынаста болмау;
  • антибиотик қабылдаудан соң талдау тапсыру үшін, соңғы дәрі қабылдағаннан соң кем дегенде 3-4 апта өтуі қажет.

Талдау қортындыларын Сіз келесі жолдармен ала аласыз:

  • Орталықтың тіркеу бөлімінде (жеке куәлiгi болуы қажет);
  • электронды пошта арқылы (алдын ала өтініш бойынша).

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg