ЭКО бойынша квоталар қалды!

Толығырақ

27.04.2023

ЭКҰ-ға квота алу үшін 7 қадам

ЭКҰ-ға квота алу үшін 7 қадам

Орталық тоғыз жыл бойы ЭКҰ емшарасы бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі өте маңызды мемлекеттік бағдарламаға ат салысып келеді. Біз үшін осы сенімнің жауапкерлілігі зор.

 Қызмет ететін 20 мекеме ішінде тек 5 медициналық орталық заңнама талаптарына сәйкес барлық ресми рәсімдерді өтіп, квоталандыру бағдарламасына қатысу құрметіне ие болғанын білу маңызды.

ЭКҰ үшін квота алуға 7 қадам

1. Іріктеу қағидаларына сәйкес келетіндігіңізге көз жеткізу (қағидалар goo.gl/1ruAOu № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы(б. 2, 4-1))

2. Тұрғылықты жері бойынша әйелдер кеңесіне жолығып, тексеруден өту және тіркелу.

3. Егер медициналық көрсетілімдер бойынша сіз мемлекеттік квота бойынша ЭКҰ өткізуге ұсынылған болсаңыз, жергілікті денсаулық сақтау мекемесіне жолдама алу қажет.

4. Басқарма мемлекеттік тапсырысы бар емханада ЭКҰ өткізу туралы бірлескен шешім қабылдайды. ЭКҰ өткізу үшін бекітілген емделушілердің хаттамалары емдеушілер таңдауына сәйкес, тиісті емхананың электронды поштасына(мысалы үшін, «Астана ЭКОЛАЙФ» медициналық орталығына) жіберіледі. Емхананы таңдау еркі- бұл сіз үшін ем қабылдауды қалайтын мекемені таңдаудың ажырамас құқығын беретін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қағидаттарының бірі.

5. Емхана кеңесі хаттама негізінде емделушілерді іріктеп, нәтижелерді электронды пошта арқылы қайта жібереді.

6. Қажет болған жағдайда емхана жұпты қосымша тексеруді және/немесе кеңес алу үшін шақыруды талап етуі мүмкін.

7. Ақырғы қадам! Емхана ЭКҰ емшарасын өткізуді растау немесе бас тарту туралы соңғы әрі нақты жауабын отырыс хаттамасынан үзінді түрінде жергілікті мекемеге жөнелтеді.

Осылайша, жұптың жолдамасын жеңілдету көп жағдайларда емханаға емделушілердің екі рет келуін қажет етпейтігінде. Хаттамалар электронды пошта арқылы жөнелтіледі, қажет болған жағдайда, қосымша тексерулерді жұп тұрғылықты мекен жайы бойынша өтіп, емханаға тағайындалған емшара өткізілетін күні келуіне болады.

Квота көлеміне не кіреді?

1. Кеңес беру

2. Гормоналды ширықтыруды өткізуге арналған дәрі-дәрмектер мен УДЗ мониторинг(амбулаторлы жүргізіледі)

3. Трансвагиналды пункция(стационарлы көмек)

4. Эмбриологиялық кезең (ұрықтандыру, өсіру)-көрсетілімдер бойынша өткізіледі: ИКСИ, қосалқы хетчинг

5. Эмбриондарды жатыр қуысына тасымалдау

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg