2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

27.04.2023

Статистика

Статистика

«Бағдаршам» қағидаты

«Бағдаршам қағидаты» емделушілерді түрлі қатер факторлары бойынша топтарға бөледі, бұл емдеу тактикасына әсер ете отырып, жүкті болу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. «Бағдаршам қағидаты» бойынша бөлінуге әсер етуші негізгі фактор- емделушінің жасы болып табылады.

«Жасыл топ»- бұл 32 немесе одан кіші жастағы, ЭКҰ бағдарламасына алғаш қатысып отырған әйелдер. Бұл топтағы тасымалдау уақытындағы эмбриондар сапасы А,В классына(эмбриондар сапасы жоғары) сәйкес келеді. Тасымалдау кезінде эндометрий 9 мм-ден жоғары. Екі жұбайының да кариотиптері қалыпты. Бұл топ «Алтын стандарт» болып табылады. Жүкті болу жиілігі бұл топта 60%-дан жоғары болуы тиіс. «Алтын стандарт» ұғымын жетекші эмбриолог-Дэвид Моролл ұсынды.

Анықтама үшін: Доктор Моролл-1986 жылдан бастап клиникалық эмбриолог қызметін атқарды, Манчестерде оқып білім алған, сол жерде докторлық диссертациясын қорғаған. ORIGIO компаниясына келмей тұрып, Ұлыбританияның бірқатар ЭКҰ зертханаларын басқарған. Моролл Ұлыбританиядағы клиникалық эмбриологтар қауымдастығы(ACE) және биомедициналық андрологтар қауымдастығының(ABA)төрағасы қызметтерін атқарған.

«Сары топқа» келесі өлшемдерге сәйкес келетін әйелдер жатады: жастары 23-ден 37 жасқа дейін; анамнезінде 2-3 сәтсіз ЭКҰ бағдарламасы; эмбриондар сапасы В,С кластарына сәйкес; эндометрий 8-9 мм; екі жұбайының да кариотиптері қалыпты.

«Қызыл топ» - бұл 38 жастан асқан әйелдер; 3-тен астам сәтсіз ЭКҰ бағдарламасы; эмбриондар сапасы төмен, таңдау мүмкіндігі жоқ; эндометрий 8мм-ден төмен; ерлерде ауыр патоспермия; бір жұбайының немесе екеуінің де кариотиптерінде ауытқулар бар.

Тіпті бір қағиданың өзі әйелдерді топқа қатыстығын анықтайды. Мысалы, 28 жастағы әйел, бірінші ЭКҰ, эмбриондар сапасы жақсы, бірақ эндометрий 8мм- бұл науқас қызыл топқа жатқызылады.

«Қызыл топтағы» науқастар көп, бұл, міндетті түрде жалпы статистикаға әсерін тигізеді.

Біздің орталықтағы топтар бойынша ҚРТ тиімділігі:

  •  «Жасыл топтағы» жүкті болу жиілігі 63% - 78% аралығында. Ұсынылған шамасы-60%
  •  «Сары топта» 45,4%-дан 49 %-ға дейін. Ұсынылған шамасы-30-40%
  •  «Қызыл топта» нәтижелер 26%-дан 31,5% -ға дейін ауытқиды. Ұсынылған шамасы-20-25%.

Жүкті болу жиілігі көрсеткішінің орташа мәні

Жүкті болу жиілігі көрсеткішінің орташа пайыздық мәні қалай есептеледі?

ЖЖК=ЭТ/КЖ

мұндағы ЭТ- эмбрионды жатыр қуысына тасмалдаумен аяқталған бағдарламалар саны, КЖ- клиникалық жүктілік.

Клиникалық жүктілік дегеніміз не? Эмбриондар тасымалданғаннан кейін 14 күн өткен соң, болашақ ана «жүктілік гормоны» деп аталатын, АХГ-адам хориондық гонадотропин деңгейін анықтау үшін қан тапсырады. Оң нәтиже болған жағдайда, «биохимиялық жүктілік» анықталады. Эмбриондар тасымалданғаннан кейін 20 күн өткен соң, жатыр қуысында ұрық қапшығын анықтайтын УДЗ өткізіледі. Бұл клиникалық жүктіліктің* басталуын білдіреді.

ЭКҰ-дан соң жүкті болу жиілігінің орташа жалпыәлемдік көрсеткіші 25-30%-ды құрайды. Айтарлықтай, Қазақстанда бұл көрсеткіштер жоғарырақ және орта есеппен 38%-ды құрайды. Біздің орталықта ҚРТ қолданудан кейінгі жүкті болу жиілігінің орта көрсеткіші 46 %-ды** құрайды. «Астана ЭКОЛАЙФ» емханасы ESHRE (Европалық репродуктологтар қауымдастығы) тізіліміне қатысады. ESHRE тізілімі- бұл әлемнің түрлі мемлекеттерінде өткізілген ҚРТ бағдарламалары нәтижелерінің жинағы.

*Өкінішке орай, науқастардың 10 %-ға жуығы, діни наным немесе тағы басқа сенімдерге байланысты, бағдарлама нәтижелері жайында хабардар етпейді. Бұл жалпы статистикаға әсерін тигізеді. **Статистикада орталықтың 2020-2021 жж. мәліметтер көрсетілген.

Бедеулікті емдеудің тиімділігі тек жүкті болу жиілігімен ғана емес, ең бастысы, дені сау сәбилердің туылуы мен әйел адамның денсаулығы мен өмір сапасын сақтаумен өлшенуі қажет!

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg