2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

27.04.2023

Жүктілікті жоспарлау

Жүктілікті жоспарлау

 

Жүктіліктің жағымды өтуі мен дені сау нәрестені дүниеге әкелу үшін, бұл оқиғаға алдын ала дайындалу қажет. Талдаулар тапсыру қажеттілігі мен жүктілікті жоспарлау барысындағы іс-шаралар сипаты болашақ ата-ананың денсаулық жағдайларына байланысты анықталады.

Ең алғашқы әрекет- гинеколог қабылдауына келу.

Қабылдауға сәйкесінше дайындалып келген абзал: өзінің созылмалы, тұқымқуалаушылық, басынан өткен ауруларын, етеккір айналымының ұзақтығын есте сақтап, бар болған жағдайда, бұрын соңды тапсырған зерттеулер нәтижелерін(талдау, УДЗ) алып келу керек.

Қабылдау кезінде дәрігер жұбайлармен сұхбаттасып, жүктілікті жоспарлау кезінде ұстануға қажетті өмір салты туралы ақпарат беріп, анамнез (денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді) жинақтайды.

Егер сіз қазіргі уақытта жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектерді қолданып жүрген жағдайда немесе сізде жатырішілік спираль орнатылған болса, ол жайында гинекологпен кеңесіңіз. Бұл жағдайда, ағзаға қажетті гормональді және физиологиялық өзгерістер пайда болып үлгеруі үшін, жүктілікті жоспарлау мерзімінен бірнеше ай бұрын контрацепциядан бас тарту керек.

Дәрігер сізге зерттеулер өтуге бағыттамалар береді, оның ішінде міндетті түрде: кіші жамбас астауы мүшелерінің(жатыр) УДЗ, спермограмма, медициналық генетикалық кеңес және т.б.

Жүктілікті жоспарлауға арналған талдаулар мен зерттеулер әр жұп үшін жеке тағайындалады.

  • Бұрын соңды өздігінен түсік тастап, жүктілігі жетілмей қалған әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жағдайда тексеру едәуір кеңейтілген болады. Басты мақсат- жүктілікті көтере алмаудың себептерін табу және болашақта олардың алдын алу.
  • Сонымен бірге, әйел адамға гормондар талдауына қан тапсыру керек болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, кейін әйел адамның гормональды саулығын түзетеді.
  • Жұбайлардың әрқайсысына қандағы кариотипті анықтау талдауын тапсырып, генетик дәрігердің кеңесін алған жөн. Әсіресе, егер: ерлі-зайыптылардың біреуінің отбасында тұқымқуалаушылық аурулар немесе даму кемістіктері болса; болашақ ананың жасы 35 жастан үлкен болған жағдайда.

Жұбайлар сәби көтеруге толығымен дайын болған соң, қорғаныстан толықтай бас тарту қажет. Сәби көтеру үшін жағымды күндер- етеккір айналымының 9-18 күндері болып табылады. Ең қолайлы күнді дәлірек анықтауға базальді температура кестесі көмек болады. Оны құрастыруға гинеколог-дәрігеріңіз көмектеседі. Бұл мәліметтер овуляцияның келу уақытын анықтауға мүмкіндік береді.

Кейбір әйелдерге жүктілік оңайға соқса, кейбіреуіне бала сүю үшін белгілі уақыт пен күш жұмсауға тура келеді. Дендері сау жұптың бір айналымда бала көтеру мүмкіндігі бар болғаны 20%, және бұл көрсеткіш 40 жаста 5%-ға дейін төмендейді.

Егер сіздің жасыңыз 35-ке толмаған, жұбайыңыз екеулеріңіз дендеріңіз сау, үнемі жыныстық қатынаста болсаңыздар, контрацептивтерді қабылдауды доғарғаннан бастап бір жыл ішінде жүкті болуыңыз керек.

Егер сіздер бір жылдан астам уақыт бойы жүктілікке қол жеткізе алмай жүрсеңіз, дұрыс емдеу әдісін таңдауға көмектесетін репродуктолог маман көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

Жүктіліктің болмауы бір жұбайының бедеулігі салдары болуы мүмкіндігінің үлесі ер адамдар(30%) мен әйел адамдарда(30%) бірдей. Қалған 40% бедеулік жағдайлары жұптың ортақ денсаулық мәселелеріне байланысты болуы мүмкін, сонымен бірге, 5% - 10% үлесін анықтауға мүмкін емес бедеулік себептері құрайды.

«Астана ЭКОЛАЙФ» медициналық орталығында жүктілікті жоспарлау мәселесіне кешенді әзірленуге: барлық қажетті емшаралардан өткізіп, талдаулар мен зерттеулерді тағайындау мен ұсыныстар жасауға дайын кәсіби біліктілігі жоғары мамандар қызмет етеді.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg