ЭКО бойынша квоталар қалды!

Толығырақ

27.04.2023

Жүктілікті бақылау, босануға дайындық

Жүктілікті бақылау, босануға дайындық

Отбасының жаңа мүшесін күту- үлкен бақыт, алайда жүктілік- жаңа, белгісіз, ерекше және сірә, алаңдатарлық жағдай. Жүкті әйелдің эмоционалдық көңіл-күйі жүктілік пен босануға, нәрестенің дамуы мен жағдайына тікелей әсер етеді. Сондықтан, гинеколог және акушер мамандармен неғұрылым ертерек танысып, жүктіліктің 8-ші аптасынан бастап медициналық мекемеде тіркелу өте маңызды.

Біздің орталықтағы жүктілікті бақылау болашақ анамен келісім шарт жасаудан басталады. Ол жоғары кәсіби деңгейдегі жүктілік барысы мен босануға дайындықты қамтамасыз етеді.

Біздің орталықтағы жүктілікті жеке бақылау қызметтерінің толық кешені 9 ай ішінде кем дегенде 12 қабылдауды, барлық қажетті зертханалық талдаулар мен аспаптық зерттеу әдістерін, айырбас картасын тапсыру мен босанудан дейінгі және босанудан кейінгі демалысты рәсімдеуді қамтиды.

Біз ұрыққа қауіпті жағдайларды ерте кезеңдерінде анықтауға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік беретін мониторинг пен диагностиканың ең соңғы әдістерін пайдаланамыз.

Біздің орталықта көптен күткен жүктілікті сақтау үшін болашақ аналарға кәсібі дәрігерлер көмек көрсететін Күндізгі стационар қызмет етеді.

ЭКҰ-дан кейінгі жүктілікті бақылауға біздің орталықта ерекше мән береді, себебі бұл ата-аналар сәби сүю жолында көптеген қиындықтарды бастарынан өткізеді. Сондықтан, емделушілердің көбі ЭКҰ бағдарламасынан соң, бізде тіркелгенді қалайды. Репродуктолог пен акушер-гинеколог дәрігелерінің

үйлесімді жұмысы ұзақ уақыт бойы аңсаған жүктілікті сақтап, оның сәтті аяқталуына мүмкіндік береді.

Дайындық кезінде біздің мамандар әрбір ананың білуге тиісті барлық қажеттіні баяндайды. Сіз дұрыс тамақтану, толғақ кезіндегі ауырсынуды жеңілдететін жаттығулар, перзентханаға барған кезде қажетті заттар, сәбидің күтімі туралы хабардар боласыз.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg