27.04.2023
1. Кеңес алуға жазылу
+7 (7172) 273-777 номері бойынша медициналық тіркеу қызметкеріне телефон шалыңыз немесе біздің сайттағы қабылдау өтінішін толтырыңыз. Медициналық тіркеу қызметкері сіз армандаған жүктілік пен сәби сүю жолындағы алғашқы сенімді көмекшіңіз болады. Ол сіздің ем қабылдау мен қажетті талдауларды ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайын. Сізді мұқият тыңдап, дәрігер-репродуктологтың алғашқы кеңесі үшін уақытты белгілеуді ұсынады. Сізге алдын ала ескертіп, есіңізге салып, қолдау көрсетеді.
Әдетте, дәрігер қабылдауы еттеккір айналымының бірінші жартысына(2-5 күн) немесе етеккір айналымының екінші фазасына(19-21күн) белгіленетінін білу маңызды болып табылады. Алғашқы кеңес алуға жұбайыңызбен келгеніңіз абзал, оның бала жоспарлау үдерісіндегі рөлі өте маңызды.
2. Алғашқы кеңес алуға дайындық
Алғашқы кеңеске міндетті түрде жарамды талдаулар мен тексерістер нәтижелерін ала келіңіз. Сіз дәрігерге басқа емханаларда жасалған талдауларды көрсете аласыз, ең бастысы- олар ескірмеген болуы керек. Егер сіз бұрын соңды тексеруден өтпеген болсаңыз, барлық қажетті талдаулардан біздің Орталықта өтуіңізге болады. Талдаулар нәтижесі дәрігерге жедел түрде диагноз қойып, нақты емдеу әдісін ұсынуға мүмкіндік береді, яғни, сізді мақсатыңызға жақындатады. Талдаулар мен кеңеске дайындыққа қатысты сіз үшін қажетті кез келген ақпарат мәселесімен медициналық тіркеуші қызметкерге хабарласуыңызды өтінеміз.
3. Алғашқы кеңес
Бұл күні сіз Орталықпен және өз дәрігеріңізбен танысасыз. Дәрігер сізді белгіленген уақытта күтеді. Орталықта сізді жылы қарсы алып, ыңғайлы жайғастырады және қажетті көмек көрсетеді.
Әдетте, алғашқы кеңес 1 сағаттан артыққа созылмайды. Дәрігеріңіз сізді мұқият тыңдап, осыған дейінгі ем қабылдау тәжірибеңіз туралы егжей-тегжейлі сұрастырады. Егер сіз қосымша тексерісті қажет етпейтін болсаңыз, дәрігер алғашқы қабылдауда бірден диагноз қойып, сізбен ем алу әдістерін талқылауға дайын болады.
4. Бедеулік себебінің диагностикасы
Бедеуліктің себебін анықтау үшін, болашақтағы ата-ананы мұқият тексерістен өткізу қажет. Біз бала көтеру мүмкіндігін жоққа шығаратын себепті табу үшін, жұбайлардың екеуінің қатар тексерілуіне кеңес береміз.
5. Емделу
Тексеріс нәтижелеріне байланысты дәрігер дәрі-дәрмектер, емшаралар немесе қосалқы репродуктивтік технологиялар көмегімен ем қабылдаудың жеке бағдарламасын ұсынуы мүмкін. Бағдарламаны тағайындаған соң, дәрігер сіздің сәбиді жоспарлау жолындағы келесі қадамдарыңызды жасау үшін ақпараттанған шешім қабылдауға қажетті медициналық, ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
6. Бағдарлама төлемі
Орталықтың әр емделушісі өз денсаулығына жеке дара көзқарасты қажет етеді. Сондықтан әр бағдарламаның құны сәйкесінше жекеше болуы тиіс. Емделушілердің ыңғайы үшін, біз қызметтерімізді жүктіліктің жүзеге асуына барлық қажеттіліктерді қамтитын кешенді бағдарламаларға біріктірдік.
Әдетте, қызметтердің бағасы диагностика, емшаралар және зерттеулер құнынан құралады және маңыздысы- онда жалпы бағаның едәуір бөлігін құрауы мүмкін, қажетті дәрі-дәрмектердің құны да қоса кіреді.
Қаржы жағынан қиындықтар болғанына қарамастан, көптеген жағдайлардың шешімі болады. Біздің орталықта ЭКҰ бағдарламасын мемлекеттік квота бойынша тегін өтуге мүмкіндік бар.
Біз бірінші әрекеттен-ақ көздеген мақсатқа жету үшін үнемі жұмыс жасаймыз. Алайда, кей жағдайларда жүктілікке қол жеткізу- бірнеше талпынысты қажет етеді. Егерде сіз бірінші әрекеттен соң жүкті болмасаңыз- сабыр мен шыдамдылық танытыңыз. Әрқашан мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Орталықта сіз өзіңіздің эмбриондарыңызды(ооциттеріңізді) мұздата аласыз. Өз дәрігеріңізбен сұхбаттасыңыз, ол сізге келесі талпынысқа тиімді дайындалуға көмектеседі.
7. Ұрықтануға дайындық
Емделуге дайындық бағдарламасын сіздің репродуктолог-дәрігеріңіз анықтайды. Ем қабылдаудың бастапқы күні- әйелдердің еттеккір айналымына және тағы басқа факторларға байланысты болады. Әдетте, бағдарламаға дайындық бір айдан арттық уақытқа созылмайды. Емдеудің сәттілігі көбіне дәрігердің кәсіби шеберлігімен қатар, емделушілердің өзідеріне де байланысты. Сіз өз денсаулығыңызды жақсарту үшін не істей алатыныңызды ой елегіне салып көріңіз. Қажет болған жағдайда, дәрігерден кеңес сұраңыз.
Сіздің репродуктолог-дәрігеріңіз тағайындамаған дәрі-дәрмектерді қабылдамаңыз
Кейбір дәрі-дәрмектер емнің болашақ нәтижелеріне кері әсер етуі мүмкін. Міндетті түрде, осыған дейін басқа дәрігерлермен тағайындалған дәрі-дәрмектерді қабылдау жөнінде репродуктологыңызбен кеңесу қажет.
Салмағыңызды өлшеңіз
Артық/жеткіліксіз салмақ ағзаға емдеу барысында қолданылатын дәрі-дәрмектердің әсерін әлсіретуі мүмкін. Егер сізде қалыпты салмақтан шектен тыс ауытқу болса, дәрігер емдеудің уақытын ауыстыруды ұсынуы мүмкін.
Зиян әдеттерден құтылыңыз
Никотин мен алкоголь шәуетке де, аналық жыныс жасушаларына да зиян. Кейбір зерттеулерге сәйкес, шылым шегу әйел ағзасының емдеуге «жауабын» төмендетеді, яғни, сәйкесінше, бедеулікті жеңудің мүмкіндіктерін азайтады.
8. Емдеу
Емдеу үздіксіз бақылаумен жүреді. Әдетте, ем қабылдау 3-5 аптаға дейінгі уақытты құрайды. Осы аралықта аптасына 2-3 рет Орталыққа келу керек- бұл қосымша тексерулер мен дәрі-дәрмектердің мөлшерін түзету үшін қажет. Мұны уақытыңызды жоспарлаған кезде, әсіресе басқа қаладан келген жағдайда ескергеніңіз жөн.
9. Нәтижелер
Эмбриондар тасымалданғаннан кейінгі екі апта, жұбайлар үшін, сірә, ең ауыр кезең болар. Бұл- көптен аңсаған жүктілікті қүту кезеңі. Қарапайым
тестілер қате нәтиже көрсетіп, сізді жаңылыстыруы мүмкін. Жоғары дәлділікке қол жеткізу үшін, ұрықтандырудан кейін 14 күн өткен соң тапсырылатын қандағы АХГ(адам хориондық гонадотропин) құрамын өлшейтін арнайы талдаудан өткен жөн.
10. Жүктілік
Жүкті болған жағдайда, сіз біздің Орталықтағы әйелдер кеңесі қызметін пайдалана аласыз. Қосалқы репродуктивтік технологияларды қолданумен қол жеткізген жүктілік ерекше күтімді қажет етеді. Біздің Орталық дәрігерлерінің осындай жүктілікті сақтау мен жүргізу саласындағы тәжірибесі мол.
Мақала сізге пайдалы болды ма?
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Б.Момышұлы даңғылы 2Д