ЭКО бойынша квоталар қалды!

Толығырақ

27.04.2023

ЭКҰ Астанада. Кезеңдері.

ЭКҰ Астанада. Кезеңдері.

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) – әйел мен ерлер бедеулігінің түрлі формаларын емдеу әдістерінің бірі, түтіктік бедеулік, эндометриоз немесе табиғи айналымдағы овуляцияны ширықтыруда сәтсіздіктер болған жағдайда қолданылатын ҚРТ емшараларының ең кең таралған түрі. Біздің емханада экстракорпоральды ұрықтандыру емшарасы жүргізіледі.

Негізгі кезеңдер:

1. Ширықтыру

2. Аналық жыныс жасушасы мен сперматозоидтарды алу

3. Аналық жасушаны «түтікте» ұрықтандыру

4. Эмбриондарды жасанды жағдайда жетілдіру

5. Эмбриондардың жатыр қуысына имплантацияландыру

1. Ширықтыру

Бір айналым ішінде бірден бірнеше аналық жыныс жасушасының жетілуіне қол жеткізу үшін әйел адамға арнайы гормоналды дәрі- дәрмектер жазылып беріледі. Әр емделуші үшін дәрі- дәрмектер мөлшері жас ерекшелігі, диагнозы және тағы басқа факторларға байланысты жеке таңдалып алынады. Ширықтыру емшарасын өткізген кезде аналық без фолликулдарының пункциясы мен аналық жыныс жасушаларын алу уақытын анықтауға мүмкіндік беретін трансвагиналды ультрадыбыстық зерттеу деректеріне негізінде аналық бездердің жағдайы бағаланады.

2. Аналық жыныс жасушаларын алу

Аналық жыныс жасушалары жетілген соң қынап күмбезі арқылы(трансвагиналды) олар фолликулдардан алынады. Фолликулдар пункциясы үздіксіз УДЗ бақылауымен, қысқа мерзімді наркоз қолдануы арқылы, бірнеше минуттта және мүлдем ауырсынусыз өтеді. Емшара

аяқталғаннан кейін екі сағат өткен соң, сіз біздің орталықтан үйіңізге қайтуыңызға болады.

3. Аналық жыныс жасушаларын ұрықтандыру

Фолликулдардан алынған аналық жыныс жасушалар арнайы контейнерлерге салынып, эмбриологиялық зертханаға беріледі де, онда ұрықтандыру үшін қоректік ортаға енгізіледі. Сол күні жолдасыңыз аналық жыныс жасушаларын ұрықтандыру үшін қолданылатын шәует тапсырырады.

Ұрықтандыру алдында шәует неғұрылым көп мөлшерде белсенді қозғалғыш сперматозоидтарды ұрықтық плазмадан, лейкоциттерден және тағы басқа ұрықтануға кедергі болатын эякуляттың элементтерінен ажыратылып алу мақсатымен мұқиятты түрде өңдеудеуден өткізіледі.

4. Эмбриондарды жасанды жағдайда жетілдіру

Өңдеуден кейін алынған сперматозоидтар төрт ойықты бір реттік ыдыстағы қоректік ортадағы аналық жыныс жасушаларына енгізіледі. Содан соң сперматозоидтар мен аналық жыныс жасушалары бар (ерлі-зайыптылар туралы толық мәліметтер жазылған) ыдыс эмбриондардың қалыпты ұрықтануы мен дамына қажетті температура, ылғалдылық, газды орта және т.б көрсеткіштер электроникасымен қатаң бақыланатын инкубаторға қойылады. Біздің ЭКҰ орталығымыздың эмбриологиялық зертханасындағы жоғары технологиялық жабдықтандыруы болашақ ананың фаллопий түтіктерінің жағдайларына сәйкес, эмбриондарды өсіру үшін максималды қолайлы қоректік ортаны қамтамасыз етеді.

18 сағаттан соң эмбриолог ұрықтануды анықтау үшін ыдыстарды инкубатордан алады. Ұрықтану сәтті өтсе, аналық жыныс жасушалардың бөлінуі өтетін, яғни эмбрионға айналатын арнайы қоректік ортаға тасмалданады. Бұл үдеріс те 16 – 18 сағатқа созылады. Бұл уақыт өткен соң, эмбриолог қалыпты дамып келе жатқан эмбриондарды бақылаған жағдайда, осы эмбриондар ары қарай жетілуге тиісті емделушінің жатырына тасымалдайды.

5. Эмбриондарды тасымалдау

Эмбриондарды жатыр қуысына тасымалдау жіңішке катетер арқылы, УДЗ бақылауымен өтеді және анастезияны қажет етпейді. Емшара сәтті өткен жағдайда, тасымалдаудан үш апта өткен соң, имплантацияланған эмбриондар санын анықтау үшін жатырдың ультрадыбыстық зерттеуі өткізіледі. ЭКҰ-дан

кейінгі жүктіліктің басталуын он төрт күннен АХГ қан талдауы арқылы анықтайды.

ЭМБРИОН ЖАТЫР ҚУЫСЫНА ТАМАЛДАНҒАН СОҢ БОЛАШАҚ АНА КЕЛЕСІ КЕЛЕСІ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҰСТАНУЫ ҚАЖЕТ:

  • Ыстық ванна қолданбау
  • Физикалық ауыртпалықтарды шектеу
  • Жыныстық қатынасқа түспеу

Astana ECOLIFE 2006 жылдан бері жұмыс істейді және дүние жүзіндегі жұптарға көптен күткен сәбилерді дүниеге әкелуге көмектеседі! Бізге мемлекет сенім артып отыр, мамандарымыз өз ісінің кәсіби мамандары.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg