27.04.2023
Криоконсервация - бұл биологиялық материалды -196°С температурада сұйық азотта мұздату мен сақтаудын қауіпсіз әдісі болып табылады. Төмен температураны қолдану жасушалардағы барлық биохимиялық үдерістерді тоқтатып, оларды ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік береді.
Витрификация- бұл жедел мұздату, ол жыныс жасушалары және эмбриондар үшін анағұрылым жұмсақ. Бұл болашақта қолдану ұшін биологиялық материалдарды сақтаудың бүгінгі күндегі ең тиімді технологиясы.
Эмбриондарды криоконсервациялау
Көп жағдайларда ҚРТ бағдарламалары кезінде, біз сапасы жақсы эмбриондардың едәуір мөлшеріне қол жеткізе аламыз. Әдеттегідей, жатыр қуысына үш эмбрионнан артық тасмалданбайды. Сондықтан емделушілер қалаған жағдайда, эмбриондарды келесі ЭКҰ шарасына дейін сақтауға мүмкіндік бар. Себебі кейбір жұптар болашақта тағы бір сәбиді дүниеге әкелу туралы шешім қабылдау мүмкін. Сол себепті, ана ағзасына ауыртпалық түсірмеу мақсатымен, біздің орталықта эмбриондарды криоконсервациялау ұсынылады.
Мұздатылған күйде шәует ұзақ уақыт бойы сақталады. Шәуетті алғашқы рет мұздатқан кезде криотөзімділік тесті өткізіледі. Оны бақылау үшін шәует мұздатылып, қайта ерітіледі.
Шәуетті криоконсервациялау келесі жағдайларда қолданылады:
Ооциттерді(аналық жыныс жасушаларын) криоконсервациялау ЭКҰ бағдарламаларында келесі жағдайларда қолданылады:
Биопсия арқылы(ТЕЗА) алынған аталық без және оның қосалқысының ұлпалары да криоконсервациялануы мүмкін.
Мақала сізге пайдалы болды ма?
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Б.Момышұлы даңғылы 2Д